Басты бет » Рухани жаңғыру » Туған жердің тарихы

Туған жердің тарихы

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің жастар ісі жөніндегі комитеті Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенттерімен біргіп, «Рухани жаңғыру — ұлттың жаңғыруы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жиында колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақытгүл Әбілпейісова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жастарға берер патриоттық тәлімін айтып өтті. Сондай-ақ колледжде  атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бағдарламаның мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінің 4-курс студенті, Президент шәкіртақысының иегері Нұрсұлтан Атаниязов «Рухани жаңғыру: Туған жер тұнған тарих» тақырыбында баяндама жасады. Елбасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобасы туралы өз ойын айтты.

  «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы —  рухани жаңғырудың басты негіздерінің бірі. Қазақ жерінде бұрын-соңды болмаған мұндай жоба табысты жүзеге асатын болса, Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы басқаша сипатқа ие болады. Бұл бағдарлама біздің сана-сезіміміздің жоғарылауына,  өз құндылықтарымызды сақтауға септігін тигізеді, — деді Нұрсұлтан Атаниязов.

Жиында студенттер мен оқушылар өз ойларын ортаға салып, жоспарларымен бөлісті. Белсенді қатысқан колледждің әлеуметтік пәндер бірлестігінің оқытушысы Б.Сражов пен бөлім меңгерушісі М. Ғабдсаттароваға және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекетті университеті тарих факультетінің студенттеріне колледж басшылығы тарапынан Алғыс хат берілді.  Алдағы күндері колледж студенттері университеттің жаңадан ашылған технопарк орталығына саяхаттап баруды жоспарлап отыр.

 Бекзат ҚАУМЕШОВ,

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология

колледжі тарих пәнінің оқытушысы.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*