Басты бет » Мәдениет » «Есет батыр Көкіұлы» атты кітап жарыққа шықты

«Есет батыр Көкіұлы» атты кітап жарыққа шықты

Есет батырдың 350 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе қаласынан «Есет батыр Көкіұлы» атты жинақ жарыққа шығып отыр.

Кітапқа Есет батыр Көкіұлы және оның заманы, жауға бірге аттанған үзеңгілес серіктері туралы әр жылдары жазылған мақалалар, жыр-дастандар, тарихшылар еңбектерінен үзінділер енген. «Жеті арыс» қоғамдық бірлестігі атынан жазылған алғысөзде: «…Олар ешбір жүздің, рудың мүддесі үшін емес, бүтін қазақ елін сақтап қалуды мақсат етіп майданға түседі. Сондықтан бүгінгі ұрпақ бұл тарихи кезеңмен толық танысуға тиіс. Осы мақсатпен қолға түскен материалдар негізінде батырлар өміріне, қоғамдық ісіне, ерлігіне байланысты деректер жүйесін оқырманға ұсынамыз» — делінген.

Құрастырып, баспаға әзірлеген — Өтеген Есмырзаұлы.

 Өз тілшіміз.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*