Басты бет » Құқық » Судьялықтан үміткерге көзқарасыңызды білдіріңіз

Судьялықтан үміткерге көзқарасыңызды білдіріңіз

Облыстық сот соттардың беделін арттыру, олардың қызметіндегі жариялылықты, ашықтық пен демократиялық бастауларды кеңейте түсу жөніндегі шараларды жүзеге асыра отырып, біліктілік емтихандарын тапсырған және қалалық, аудандық соттардағы бос тұрған судьялық лауазым конкурсына қатысуға үміткер тұлғалардың іскерлік, кәсіби, жеке және моральдық қасиеттерін терең зерттеудің қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік қызметшілер – судьяларға мемлекеттік талапты күшейту, олардың кәсіби біліктілігі, отаншылдығы, тәртібі, моральдық және адамгершілік бет-бейнесі жөніндегі ұстанымдарды орындау мақсатында судьялықтан үміткерлердің тізімдерін жариялай отырып, жұртшылықтан аталған үміткерлердің әрқайысы жөніндегі көзқарастарын, ұсыныс-тілектері мен сын-ескертпелерін күтеді.

  1. Ізбағамбетова Сандуғаш Жақияқызы, 1986 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің мамандандырылған сот алқасы хатшылығының бас консультанты.

Ұсыныс-тілектеріңізді Ақтөбе қаласы, Сәтбаев көшесі, 2 «б» мекенжайына орналасқан Ақтөбе облыстық сотына жолдауыңызға, немесе 70-48-61 телефонына хабарласуыңызға болады. Пікіріңіздің беймәлімділігі мен дербестігіне кепілдік беріледі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*