Басты бет » Білім » Үш тілде сабақ өткізу — заман талабы

Үш тілде сабақ өткізу — заман талабы

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Химиялық реакциялардың жылдамдығы, химиялық тепе-теңдік» тақырыбында химия пәнінен үш тілде ашық сабақ өтті.

Сабақты колледждің әдіскері Әнуар Нұртазин өткізді. Ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұстаз. Әнуар — Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі,  химия, экономика ғылымдарының магистрі, Америка Химия қоғамының мүшесі.

Жан-жақты маман үшін оқушыларды үш тілде оқыту ағылшын тілін қарым-қатынас кезінде еркін қолдану мақсатында өткізіледі.

Ашық сабақ барысында колледж оқушыларының қызығушылығы, белсенділіктері байқалды. Олар өз ойларын еркін жеткізе білді.

Негізінде оқушылар химия пәнін қиын пәндер қатарына қосады. Алайда сабақ барысында оқытушы химия қиын пән емес, оны күнделікті өмірде жиі қолданатынымызды жеткізіп, тақырып мазмұнын аша келе, термин сөздерге глоссарий құрды. Оқушыларға оның үш тілде қалай оқылатынын үйретті. Оқушылар әрі ағылшын тілінде сөйлеп, әрі тақырыпты жетік меңгерді.

Қазіргі кезде білім саласына қойылатын талап — инновациялық технологиялар мен әдістемелерді көптеп қолдану. Сонымен қатар дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда инновациялық технология арқылы білім беру оқушының пәнге деген қызығушылығын, ізденісін арттырады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру десек, оқытушылар осы талапқа сай оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемелерінің мән-мағынасын түсініп, өз тәжірибелерінде қолдана білудің маңызы зор екенін түсінуде.

Колледжде үш тілде өткен ашық сабаққа қатысқан оқытушылар өздерінің оң пікірлерін білдірді.

 Гүлнұр ТЕҢІЗОВА,

колледж оқытушысы.   

Ақтөбе қаласы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*