Басты бет » Білім » Ләззат Оразбаева — облыстық білім басқармасының басшысы

Ләззат Оразбаева — облыстық білім басқармасының басшысы

Бұған дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ләззат Оразбаева облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Білім басқармасы активі, колледждер мен училищелердің, мектептердің директорлары қатысуымен өткен кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы сала алдындағы бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі.

Облыс басшысы негізінен білім сапасын көтеру және ауылдық жерлерде оқыту проблемаларын шешу, үш ауысымдық және апатты мектептерді жою, сондай-ақ қабылданған шараларға бақылау мен талдау жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыра түсуді тапсырды. Сонымен бірге, талантты балалармен жұмыс жүргізу, жастар тәрбиесі және мектептен тыс даму мен бос уақытты өткізуді ұйымдастыру мәселелері де басты назарда болуы тиістігі атап көрсетілді.

* * *

Ләззат Аманжолқызы 1971 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін жалпы техникалық пәндер мен физика пәнінің мұғалімі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы, құқық бакалавры, «Тұран-Астана» университетін педагогика және психология магистрі біліктілігі бойынша тәмамдаған.

Шалқар ауданының Тоғыз орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе қаласының №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры, «Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ басшысы болды.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық мәслихат

ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРҒА ЖҰМСАЛАДЫ

 

Облыс әкімдігі облыстық бюджетті қайта бөлу есебінен 3 миллиард теңгеден астам қаржыны үнемдеді. Бұл қаражат  жаңа мектептердің, тұрғын үйлердің құрылысына. Сондай-ақ жолдарды жөндеу, тағы да басқа маңызды шаруаларға жұмсалады.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген мәжілісінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұлов мәлімдеді.

Тұрақты комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, қоғамдық кеңестің мүшелері және облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

— Облыстық бюджетте 3 миллиард 473 миллион 874 мың теңгені нақтылау сіздердің назарларыңызға ұсынылады,— деді өз баяндамасында Олжас Смағұлов,— Аталған қаржы биылғы жылы қаржыландыруды талап ететін негізгі басымдық салаларға бағытталмақшы.

«Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 4-қабатты тұрғын үйлер құрылысын аяқтау, Қарғалы ауданы Қосестек селосындағы орта мектеп пен балабақшаға газ жүргізу, Ақтөбе қаласы көшелеріне орташа жөндеу жүргізу — қаржыландыруды күтіп отырған жұмыстар осындай. Сондай-ақ, облыстық білім, энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, мұрағат және құжаттама, ауыл шаруашылығы, дене тәрбиесі және спорт басқармаларына қаржы бөлу ұсынылды.

Бюджет жобасын қарау барысында депутаттар баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Комиссия мәжілісі қорытындысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына осы мәселелерді енгізу туралы тиісті қаулы қабылданды.

 

Санат РӘШ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сырым Алекенов бай болган

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*