Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелерінің атауы жазылған маңдайшалар латын әліпбиіне көшірілді

Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелерінің атауы жазылған маңдайшалар латын әліпбиіне көшірілді

Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелерінің атауы жазылған маңдайшалар латын әліпбиіне көшірілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуіне байланысты Маңғыстау облысындағы мемлекеттік мекемелердің атауы жазылған маңдайшалар өзгерді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 26 қазандағы “Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы” №569 Жарлығына қолдау көрсету мақсатында бүгін Ақтау, Жаңаөзен қаласы, облыс пен 5 аудан әкімдігі және Ақтау қалалық мәслихатының маңдайшалары кириллицадан латын жазуына ауыстырылды.
Айта кетейік, Елбасы “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында “Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты” деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 27-қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алфавитті кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.
Үкіметке қазақ әліпбиін латын тіліне көшіру жөніндегі ұлттық комиссияны құру және 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру тапсырмасы жүктелді.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*