Басты бет » Құқық » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — маңызды мәселе

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — маңызды мәселе

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ азаматтық қоғам институттарымен бірлескен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарға сәйкес жұмыс атқаруда.

Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру бағытында  жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі құралы кездесулер және ауқымды ақпараттық науқандар болып табылады.

Биылғы жылы ішкі саясат бөлімі бірнеше оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқықбұзушылыққа ымырасыздықты қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен, соның ішінде «Нұр Отан» партиясының филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңеспен, өзге де қоғамдық ұйымдармен 4 кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Ақтөбе политеxникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, патриотизмдік сезімге тәрбиелеу және басқа да мәселелер», Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында шаралар ұйымдастырылды. Осындай кездесулер Ақтөбе медициналық колледжінде және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде де өтті.

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында арнаулы орта оқу орындарының жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар көп болды.

Жаңа оқу жылы басталысымен азаматтық қоғам және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысуымен жоғары және арнаулы оқу орындарында кездесулер, «дөңгелек үстелдер», дәрістер өткізу бойынша жұмыс жалғасын табуда.

Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік тапсырыс аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастыру бойынша 21 материал жариялады. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының мемлекеттік мекеме басшыларының 2 авторлық мақалалары көпшілік назарына ұсынылды.

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында «Өзекті мәселе» және «Открытая студия», Рика-ТВ телеарнасында «Сөзіңіз ауызыңызда» және «Из первых рук» бағдарламаларының тікелей эфирінде қалалық мемлекеттік мекемелерінің басшылары тұрғындарға мемлекеттік органдардың салалық мәселелері туралы 23 сұхбат берді. Соның ішінде ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің өкілдері сұхбаттасты.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы 5 материал Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердің парақшаларында Instagram мен  Facebook-те ішкі саясат бөлімінің 70-тен астам материалы шықты.

Қоғамдық пікірді білу үшін Ақтөбе қаласының қоғамдық-саяси жағдайды дамытудың негізгі ағымдарын анықтауға арналған әлеуметтік зерттеу жүргізілуде. Зерттеу міндеттерінің бірі — тұрғындар өмірінің әлеуметтік мәні бар салаларындағы сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін бағалау.

Сауалнама мәліметтеріне сәйкес, сұрау салынған тұрғындардың басым бөлігі сыбайлас жемқорлықтың белгілері азаматтар өміріне әсер етіп отыр (77,1%) деп ойлайды. Сондықтан, халықты саясаттың ашықтығына сендіру үшін саясатты қоғам мүддесі тұрғысынан іске асырудың демократиялық тетіктерін жан-жақты дамыту қажет.

Сонымен қатар, «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ Ақтөбе қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 14 тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуда кездесетін құқықбұзушылықтарды алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың маусым айында «Астана Өрлеу» аймақаралық кәсіби даму орталығы ЖШС ұйымдастырумен мемлекеттік сатып алу тақырыбында өткізілген семинарға бөлімнің жауапты маманы  қатысты.

Бөлімде тұрақты түрде «Сенім телефоны» жұмыс істейді (41-63-86) және лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайтын жәшігі қызмет етуде.

Ағымдағы жылдың сәуір айында бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқтығы анықталды.

 Мақсат ОРЫНБАСАР,

«Ақтөбе қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*