Басты бет » Жаңалықтар » «Нұрлы жер»: 5,6 миллиард теңге игерілді

«Нұрлы жер»: 5,6 миллиард теңге игерілді

Брифинг

Облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Өнербаев осы жылдың 9 айындағы бюджет кірісі һәм игерілуі жөнінде журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді.

«Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен жиында Нұрлыбек Өнербаев 9 айдың қорытындысы бойынша облыстың бюджет кірісі 72,5 миллиард теңгені құрағанын, бұл есептік жоспардың толығымен орындалғанын айғақтайтынын атап өтті. Өңір бюджетінің игерілуі бойынша жоспар 152,2 миллиард теңге болса, оның орындалуы 150,9 миллиард теңгеге жетіп отыр.

— Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер 33,1 миллиард теңгеге орындалды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында білім саласына қатысты 16 ғимаратты салу жоспарланған. Бөлінген қаржы — 12 миллиард теңге. Бүгінгі таңда соның бесеуі пайдалануға берілді. Енді бесеуі жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, жалдамалы үйлердің  құрылысы жоспарланған. Оған 1,5 миллиард теңге қарастырылған. Бұл жұмыс бойынша 4 үй келер жылы тапсырылғалы отыр. Алға ауданындағы осындай типтегі үй биыл пайдалануға берілмек. Бұл — Ұлттық қордан бөлінген қаржы, — деді ол.

Өз сөзінде басқарма басшысының орынбасары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аталған мерзім ішінде 5,6 миллиард теңгенің игерілгенін айтты.

Бұдан бөлек, 2016-2020 жылдарға жекешелендірудің кешенді жоспары аясында коммуналдық меншіктегі 9 мекеме және «Ақтөбе» ӘӨК» ҰҚ» АҚ-ның 4 ұйымы жекешелендіруге жататыны сөз болды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*