Басты бет » Жаңалықтар » «Al-Masaood Oil and Gas» компаниясы инвестиция салуға әзір

«Al-Masaood Oil and Gas» компаниясы инвестиция салуға әзір

«Al-Masaood Oil and Gas» компаниясының бас директоры Ахмад аль-Таннир «Aktobe Invest-2017» бесінші халықаралық инвестициялық форумына қатысуға Ақтөбеге келген сапарында онымен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында екі ел арасында тығыз әріптестік қатынастар орнатылып, бүгінгі таңда Ақтөбе облысы мен БАӘ арасында сауда және экономикалық қатынастарды дамыту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Тараптар экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықтың даму келешегін талқылады. Атап айтқанда, Ақтөбе жағы мұнай-газ саласын, ауыл шаруашылығын, қонақүй бизнесін, энергетиканы дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

—  Біз сіз қызығушылық танытқан, әсіресе, аймақтың басым бағыттарына қатысты басқа да жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Облыс географиялық жағынан ыңғайлы орналасуымен қатар, еліміздің маңызды торабы саналып, дамыған көлік жол айрықтары мен маманданған транзитке ие, — деді Бердібек Сапарбаев Ахмад аль-Таннир мырзаға ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау және МЖӘ саласындағы жобаларды қарастыруды ұсынып.

— Біз Ақтөбе облысының даму келешегінің зор екеніне сенімдіміз. Өңірге бірнеше бағыт бойынша инвестиция салуға дайынбыз. Жобалар қоршаған ортаға зиян келтірмейтін жоғары технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады. Біз сондай-ақ, Ақтөбе қаласында өз компаниямыздың өкілдігін ашуды жоспарлап отырмыз және осы мәселе бойынша сіздердің қолдауларыңызға сенеміз, — деді «Al Masaood Oil and Gas компаниясының бас директоры.

Облыс әкімі перспективалық жобаларды жүзеге асыруға және компаниялар тобының кеңсесінің ашылуына жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*