Басты бет » Жаңалықтар » Ауылымызға ұялы байланыс келді

Ауылымызға ұялы байланыс келді

Алғыс

Біз тұратын Еңбекші ауылы — Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі орталығынан және аудан орталығынан 50 км қашықтықта орналасқан елді мекен. Ауылымызда орта мектеп, 25 орындық типтік жобада салынған балабақша, 100 орындық клуб үйі және кітапхана жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындары телефон байланысымен толық қамтылған. Тұрмыс жағдайымыз жақсы. Ауылда 14 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Бұл ауыл шаруашылығы құрылымдары мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары арқылы несие алып, жылдан-жылға мал басын көбейтіп келеді.

Алайда ауыл тұрғындарын мазалап жүрген бір мәселе — қыс кезіндегі жол қатынасы. Бұл, әрине, әзірге шешілуі қиын мәселе болғандықтан біз облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан ауылға ұялы байланыс жүйесін орнатуға көмек сұраған едік. Сол өтінішіміз орындалып, Еңбекші ауылына «Билайн» ұялы байланыс жүйесі орнатылып, іске қосылды. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Сол ауыл тұрғындары атынан Бердібек Машбекұлына шын жүректен зор алғыс білдіреміз.

С.БОРАНҚҰЛОВ, Б.МОЛДАҒАЛИЕВ, Б.СМАҒҰЛОВ, шаруа қожалығының басшылары, Б.ЖАНЫСБАЕВА, М.НИЯЗОВА, көпбалалы аналар, Ш.ЖҰМАНОВ, аудандық мәслихаттың депутаты, Б.СМАЙЛОВ, зейнеткер.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*