Басты бет » Жаңалықтар » Сенбіде Тұңғыш Президент саябағына келіңіз!

Сенбіде Тұңғыш Президент саябағына келіңіз!

Алдағы 14 қазанда сағат 15.00-де Тұңғыш Президент саябағында «Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» фестивалінің қорытындылау мерекелік шарасы өтеді.

Негізгі саxна алдында көрікті киіз үйлер тігіліп, Ақтөбе қаласының ауылдық округтері қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылады.

Шара барысында «Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» фестивалінің жеңімпаздарын қала әкімі марапаттап, Қурайлы, Благодар, Новый, Сазды және Қарғалы ауылдық округтері өнерпаздарының гала-концерті болады.

Құрметті ақтөбеліктер мен қала қонақтары!

Барлығыңызды мерекелік іс-шараға шақырамыз!

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*