Басты бет » Әлеумет » Бас бәйге — автокөлік!

Бас бәйге — автокөлік!

14 қазан күні сағат 11.00-де Заречный-2 елді мекенінде ипподром алаңында  Ақтөбе қаласы әкімі кубогына арналған ат жарыс өтеді.

Облыстық ат спорты федерациясының вице-президенті Азат Жукеннің айтуынша, жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес Ресейден сәйгүліктер қатысады.

Аламан бәйге 21 шақырымды қамтиды. Бас бәйгеге автокөлік тігіледі. Сондай-ақ, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*