Басты бет » Әлеумет » Үш округ: кеңес берді, медициналық көмек көрсетті

Үш округ: кеңес берді, медициналық көмек көрсетті

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

 «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтары Шалқар ауданының ауылдарын аралап, тұрғындармен кездесті.

«Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты бойынша ауданымызға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Жекеев бастаған топ келіп, Жаңақоныс, Есет Көтібарұлы, Айшуақ ауылдық округтерінде болды. Топ құрамында аталған басқарманың бөлім басшысы Г.Сексенбаева, бас мамандары Л.Жұбандықова, Р.Қалжанов, А.Тәңірбергенова, сонымен қатар, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бас маманы Р.Аманов, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы Н.Ерекеев, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Г.Телжанова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Бисеков, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Мұратовтар бар.

Шара аясында әлеуметтік саланың тәжірибелі, білікті мамандары ауыл тұрғындарымен кездесіп, олармен жеке қабылдаулар өткізді. Ақпараттық-түсіндіру топтары әлеуметтік жәрдемақы жайында сөз қозғап, мекемелер және шаруа қожалықтары ұжымдарымен жүздесіп, Еңбек Кодексі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Үйлерді аралап, мүгедек, аз қамтылған жандармен кездесті.

Жоба аясында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлік пакеттері мен қайырымдылық көмек сертификаттары табысталды, қаржылай да көмектер берілді.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы №2 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары С.Нұрбаев бастаған тәжірибелі дәрігерлер тұрғындарға аурудың алдын алу жөнінде кеңес беріп, медициналық қызмет көрсетті.

Ауыл тұрғындары облыс орталығынан арнайы келген мамандардың қызметтеріне дән риза болып, осындай маңызы зор шараны ұйымдастырған облыс басшылығына алғыстарын білдірді.

С.МҰХАМБЕТСАДЫҚҰЛЫ.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*