Басты бет » Жаңалықтар » Мобильді топтар аудандарға шықты

Мобильді топтар аудандарға шықты

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

Облыста  «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша жұмыс басталып кетті. Мобильді топтар 9 қазаннан бастап 4 қарашаға дейін Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында жұмыс жасайтын болады. Халықпен жұмыс жасауда басты назар, бұрынғыдай, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, діни экстремизмнің алдын алуға, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіруге, өңірдегі бизнес ортаны дамытуға бағытталатын болады.

Жобаның «Ауқымды түсіндіру жұмыстары мен діни сұрақтар» атты бірінші бағыты бойынша Хромтау қаласында, сондай-ақ, Хромтау ауданының Дөң, Қопа және Аққұдық ауылдарында 547 адамды қамтыған 19 іс-шара өткізілді. 9-11 сынып оқушылары және олардың ата-аналары арасында «Дін және жастар», «Жастарымызды жалған діни идеологиядан сақтау» тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылып, «Аңсар» орталығының «Дінтану» пәнінің оқытушыларына «Дінтану және этномәдениеттілік» атты шеберлік сабақтары жүргізілді.

Аудан мешіттерінің жамағаттары арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Кездесулер, семинарлар, әңгімелесулер барысында бейнероликтер көрсетіліп, тақырыптық буклеттер таратылды.

«Бизнестік ортаны дамыту» бағыты бойынша Әйтеке би ауданының Әйке және Құмқұдық ауылдық округтерінде 150 адамды қамтыған екі іс-шара өткізілді.

Ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге өткізілген семинар-жиындар кезінде шағын және орта бизнесті дамытудың «Бизнестің жол картасы — 2020», «Агробизнес — 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және т.б. мемлекеттік қолдау шаралары түсіндіріліп, «Бизнестің жол картасы — 2020», «Кең дала», «Сыбаға» секілді мемлекеттік бағдарламалар бойынша гранттар алу және ауылшаруашылық жобаларын қаражаттандыруға байланысты мәселелер төңірегінде кеңестер берілді.

«Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты бойынша Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылында 370 адамды қамтыған 14 іс-шара өткізіліп, 25 адамға көмек көрсетілді, алпыстан астам ауыл тұрғындарына жұмыспен қамту және еңбек құқықтары мәселелеріне байланысты кездесу ұйымдастырылды.

Медицина орталығының мамандары 212 адамды, оның ішінде 163 оқушыны тексеріп, облыстық аурухананың дәрігерлері бір ота жасады. 127 адам аула аралау арқылы қамтылып, 15 аз қамтылған отбасына «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасына қатысу тәртібі түсіндірілді.

Қайырымдылық шара шеңберінде аз қамтылған бес отбасыға 210 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

«Ақпараттық жұмыс» бойынша Байғанин ауданының Қаражар, Жарқамыс және Кемерши ауылдарында 25 іс-шара өткізіліп, 320 адам қамтылды.

Жоба аясында құқық қорғау органдары тарапынан Қарғалы және Мәртөк аудандарында арнайы іс-шаралар өткізілуде.

 «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*