Басты бет » Рухани жаңғыру » Оқушылар батыр кесенесіне барды

Оқушылар батыр кесенесіне барды

Жас ұрпаққа танымдық тәрбие беруде Ақтөбе қалалық жас туристер стансасы  үйірме оқушыларына   жыл сайын   тарихи орындарға экскурсия ұйымдастырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен  «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында  станса ұжымы бұл игі бастаманы биыл да жалғастырды. Үйірме оқушылары осы жылы Алға ауданының Бестамақ елді мекеніндегі Есет Көкіұлы кесенесіне барды.

Кесенеге барған оқушылар   батыр баба туралы тарихи деректер жинап, үлкен әсер алып қайтты. Батырдың рухына тағзым етіп,  оның теңдесі жоқ ерлігін бағалап, құрметтеу — бүгінгі ұрпақ үлесінде. Әрбір оқушы  туған жеріндегі батырлар және олардың елдік істері жайында білуі тиіс.

Гаухар АЛМАҚ,

Ақтөбе қалалық жас туристер стансасының

 қосымша білім беру педагогі.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*