Басты бет » Жаңалықтар » Ардагерлер құрметтелді

Ардагерлер құрметтелді

Ақтөбе қаласының әкімдігі Қарттар күніне байланысты бірқатар мәдени-көпшілік, әлеуметтік маңызды шаралар ұйымдастырды.

Бұл күндері мерекелік қайырымдылық акциялары, бағдарламалар, концерттер өткізілді, ардагерлер кинофильмдер мен спектакльдерге шақырылды. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне барды және жақсы тілек айтып, сыйлықтар тапсырды.

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, қазір зейнеткерлік демалыста жүрген бұрынғы ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Олардың арасында Надия Малышева, Мәрияш Амантаева, Любовь Тырсина Михайловна, Сәния Жүзбаева, Роза Есқазина, Зоя Гончарова және басқалары бар.

Н.ДАБЫЛОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*