Басты бет » Жаңалықтар » Көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Ақтөбе қаласының тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда.

Бекітілген жоспарға сәйкес кезекті жәрмеңкелер 14 қазан күні Орталық стадион ауданында, «Алтай», «Аида», «Достан», «Табыс» базарларында және Сазды ауылдық округінде ұйымдастырылады.

Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация аясында басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылады («Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «ЕвразианФудсКорпорейшн», «Рамазан», «Аққұс», «Жазык Групп» ЖШС және т.б.).

Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталған жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.

           Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*