Басты бет » Әлеумет » Жалғаса беретін қайырымдылық

Жалғаса беретін қайырымдылық

Үстіміздегі жылдың маусым айында «Ақтөбе мүгедектері ерікті қоғамының» қоғамдық бірлестігі «Ақтөбенің өрт сөндіру жабдықтары зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне хат жазып, мүгедек бала Азамат Әмітжанға қолдан келетін көмек көрсету жөнінде өтініш білдірген еді. Жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі Азаматтың қозғалысын жеңілдететін арнаулы медициналық жабдық сатып әперу сұралды.

«Ақтөбенің өрт сөндіру жабдықтары зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұндай қайырымдылық шараларына әр кез сергектікпен қарайды.

Бұған қосымша айта кету керек, бұл компания қазіргі кезде тағы бір маңызды шараны қолға алып отыр. Балалар үйінің тәрбиеленушілері сырлаған, біздің өндірістеріміз үшін аса қажетті өрт сөндіргіштерді шығаруда. Оны сатудан түсетін барлық қаржы түгелдей балалар үйінің есебіне аударылмақ.

Бұл өрт сөндіргіштерді Ақтөбе қаласымен бірге, Алматы, Астана, Шымкент және Атырау қалаларындағы зауыттың өкілдігінен алуға болады.

Аталған кәсіпорын басшылығы барлық кәсіпкерлер мен ірі мекемелерді аталған қайырымдылық шарасына белсене қатысуға шақырады.

А.ШҰҒАЕВ,

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*