Басты бет » Ауыл » Кәсіпкерлер демеушілік көрсетті

Кәсіпкерлер демеушілік көрсетті

Мектепке жол

Құрман орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға көмек көрсетілді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағлаш Аманбаева мен әлеуметтік педагог Эльмира Қалдығұлованың бастамасымен мектептегі көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету, оларға қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Аталған шара аясында ауылдың белгілі кәсіпкерлері Әлібек Өмірғалиев, Талғат Бердембаев, Асхат Ниязовтар демеушілік көрсетті.

Акцияға сондай-ақ Айгүл Таңатарова, Азамат Баженов, Ажар Жайықова, Ғалымжан Жолдасбаев, Балуанияз Таңатаров, Нұржан Жайықов, Алмас Нұрмұханов, Алтын Мақашова сияқты азаматтар да өз үлестерін қосып, мектептің 25 оқушысына 130 мың теңге көлемінде көмек берді.

Сонымен қатар акцияда Көптоғай ауылдық округінің әкімшілігі мен «Айгөлек» балабақшасының ұжымы да демеушілік жасады.

«Мектепке жол» акциясына атсалысқан барлық азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Айдана ТӘЖІКЕН,

Құрман орта мектебінің мұғалімі.

Ойыл ауданы.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*