Басты бет » Жаңалықтар » Димаш қазпоштаның келбеті атанды

Димаш қазпоштаның келбеті атанды

Ұлттық пошта операторы қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанын жариялады.

Аз ғана уақыт ішінде өз кәсіби саласында аса зор табысқа жетіп, музыка тарихына өшпестей етіп өз есімін жазған, әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызымыз Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанымызды қуана жеткіземін. Димашпен ынтымақтастығымыздың табысты да қызықты болатынына сенемін, — деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Димаш та «Қазпошта» АҚ-мен бірлескен жұмыстың сәтті жүзеге асатынына сенімді.

Соңғы кездері мен Қазпоштаның қызметтерін жиі пайдаланамын, әлемнің түкпір-түкпірінен өз жанкүйерлерімнен хаттар мен сыйлықтар алып тұрамын. Мен еліміздің поштасының қызмет көрсету деңгейі мен даму қарқынына қайран қаламын. Қазпоштаның одан әрі көркейіп, гүлдене беруін тілеймін, — дейді Димаш Құдайберген.

«ҚазАқпарат».

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*