Басты бет » Ресми » «Тәуелсіз ел — мәңгілік ел!»

«Тәуелсіз ел — мәңгілік ел!»

Конкурс!

Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Тәуелсіз ел — Мәңгілік ел» шығармашылық конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты — Қазақстан тәуелсіздігінің жетістіктерін, Елбасы Жолдауларында белгіленген міндеттердің жүзеге асырылуын, облыс аумағындағы экономикалық-әлеуметтік жобалардың ел игілігіне пайдаланылуын жария ету мақсатын көздейді.

Ең басты бағдар — Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттердің жүзеге асудағы нақты көрінісін насихаттау.

Конкурсқа 2017 жылдың 1 қаңтарынан алдағы 1 желтоқсанға дейін баспасөзде жарияланып, теледидар, радио арқылы берілген хабарлар мен  сюжеттер қабылданады.

Конкурс жеңімпаздары үшін баспасөз, телевизия және радио материалдарына арналып 3 жүлде тағайындалады.

Конкурс қорытындысы Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылады.

Конкурсқа қатысты анықтамаларды ҚР одағының облыстық филиалынан алуға болады.

Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 87-үй, 2-қабат, 215 бөлме. Байланыс телефоны: 56-33-80, 8-7014053977, электронды пошта: dyarov@mail.ru

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*