Басты бет » Басты жаңалықтар » Инвестициялық жоба: тау-кен металлургия комбинаты құрылысы қолға алынды

Инвестициялық жоба: тау-кен металлургия комбинаты құрылысы қолға алынды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мұғалжар ауданындағы тау-кен металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жобаның жүзеге асырылуымен танысты.

Аталған жоба аясында Алтынды ауылында қуаттылығы жылына 5 миллион тонна алтын құрайтын руда өңдейтін алтын өндіру фабрикасы құрылысының дайындық жұмыстары жүргізілуде. Кен шығарылатын орынды іске қосу жоспарда бар. Жоба құны 148 миллиард теңгені құрайды. Бұл комбинат көлемі жағынан Қазақстан бойынша екінші орында болады деп күтілуде.

«АltynEx Company» «Юбилейное» алтын рудасының кен орнын 2015 жылдың қазан айынан бастап игеріп келеді. Қазіргі таңда кәсіпорын жерасты тәсілімен 300 мың тонна руда өндіреді.

Компания алтын өндіру фабрикасының құрылысын құрамында алтыны аз руданы ашық тәсілмен игеруге көшуге байланысты бастаған болатын. Бұл жоба нашар рудаларды Доре қорытпасын ала отыра өндіруге мүмкіндік береді.

Осы жылдың сәуір айынан бастап кәсіпорын жобаға 10 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны инвестициялады, келесі жылдың көктеміне дейін тағы 100 миллион АҚШ долларын аудару жоспарда бар.

Қазіргі уақытта мұнда жергілікті тұрғындардың ішінен 600-ден аса жұмысшы іске жұмылдырылған. Олар жаңа өндіріс іске қосылғаннан кейін, қайта даярлықтан өткен соң фабрикаға қабылданбақ.

Жаңа өндіріс 2019 жылдың соңында іске қосылады деп күтілуде, толық жобалық қуаттылыққа 2020 жылы шығатын болады.

Кездесу кезінде өңір басшысы «АltynEx Company» АҚ-мен бірге облыс басшылығының араласуын талап ететін проблемалық мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, тау-кен өндіру кәсіпорнының өкілдері қажетті инфрақұрылымдарды жүргізуге жәрдем беруін өтінді.

Өңір басшысы облыс үшін маңызы бар жоба қолдау табатынын, соның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында да көмек көрсетілетінін атап өтті.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*