Басты бет » Мәдениет » Менің таңдауым — Ақтөбе!

Менің таңдауым — Ақтөбе!

Осындай тақырыппен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің №2 спорт кешенінде 1-курс студенттерін студенттер қатарына қабылдауға арналған  мерекелік шара өтті.

Шараны университеттің  әлеуметтік мәселелер және жастар саясатының департаменті ұйымдастырды.

Университет  ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков бастаған университет проректорлары және профессор оқытушылар, университет белсенділері қызыл кілеммен  сахна төріне шықты.

Алдымен сөз алған университет ректоры 1-курс студенттеріне оқуда табыс тілеп, оларға студенттік билеттер тапсырды.  Студенттік билет алғандардың арасында Өзбекстанның азаматы Бехзод Даминов те бар. Ол университет басшылығына ризашылығын білдіріп, қатарластарына сәттілік тіледі.

Шара барысында университет ректоры ең үздік 9 студентке медаль тағып,  «Туған жер» республикалық жерлестер форумы аясында өткен «Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми-практикалық конференциясында белсенділік танытқан студенттерді марапаттады.

Одан соң оқу үздігі,  «ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесінің үздік апта  волонтер атағын иеленген, «Тайбурыл» шәкіртақысының иегері, 4-курс студенті  Ақәділ Жаңабаев  ант қабылдады. Бұдан кейін жастар флешмоб биледі.

Сондай-ақ, салтанатты шарада  лоторея билеттері ойнатылып, университет  жігіттерінен құралған бишілер, «Промтех» жайдарман тобы өнер көрсетті.

Cалтанатты шарада облыстық мәслихат депутаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов және әнші-сазгер Орал Байсеңгір, әншілер Дулат пен Рита Айтжановтар әннен шашу шашты.

Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе

өңірлік мемлекеттік университетінің

баспасөз қызметі бөлімінің маманы.

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*