Басты бет » Білім » Өнегелі өмір

Өнегелі өмір

Анам Тасқира Камашева 40 жылға жуық білім саласында жемісті еңбек етті. Ұлағатты ұстаздан тәлім-тәрбие, өнеге алғандарын шәкірттері мақтанышпен айтады.

Ол 1937 жылы қазанның 4-і күні Темірде дүниеге келді. Яғни, кеше анам 80 жасқа толды. Ол 1954 жылы Темір қазақ мектебін бітірген соң, сол жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының жаратылыстану факультетіне оқуға түсті. 1960 жылы институтты бітіріп, еңбек жолын Темір қазақ мектебінде мұғалім болып бастады. Сол жылы қараша айында тұрмысқа шықты. 1970 жылы әкем Саркөл ауылындағы Шұбарши мектебіне директор болып тағайындалды. Анам сол мектепке жұмысқа ауысты. Содан 1987 жылы зейнеткерлікке шықса да, 1997 жылға дейін мектепте он жыл бойы еңбек етті.

Анам 1970 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, бірнеше мақтау қағаздармен марапатталды. Темір қалалық кеңесінің депутаты болып сайланған.

Әкем Сәнкеш екеуі 7 бала тәрбиелеп, өсірді. Балаларының бәрі де жоғары білім алып, түрлі салаларда еңбек етіп жатыр. Әкем мен анам бүгінде балаларынан 18 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.

Сіңлім Гүлмира екеуміз ата-анамыздың жолын қуып, білім саласында еңбек етіп жатырмыз. Сондай-ақ, екі немересі  — Айнұр мен Жаннұр да мұғалімдік мамандықты таңдады. Келіні Рыскүл Шұбарши мектебінде директордың орынбасары болып қызмет атқарады.

Әкеміз бен анамыздың өнегелі өмірі бізге, балаларына әр кез үлгі.

Гүлнар САХАТОВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*