Басты бет » Жаңалықтар » Қарияларға құрмет көрсетті

Қарияларға құрмет көрсетті

Ақтөбеде Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Қала әкімі Ілияс Испанов соғыс ардагері Ж.Қуатованы, тыл еңбеккерлері С.Балюраны және Х.Бекмұхамбетованы, 100 жастағы қала тұрғыны Ж.Бисенғалиеваны мерекелерімен құттықтады. Қала әкімі оларға зор денсаулық, қуаныш пен мерекелік көңіл күй тіледі.

Сонымен бірге қалада Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар, кездесулер, концерттік бағдарламалар, жастар акциясы өткізілді. Еңбек ұжымдарында, мекемелер мен ұйымдарда соғыс және еңбек ардагерлеріне, еңбек демалысына шыққан қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Бірсыпыра зейнеткерлер үйлерінде құттықталды.

Т.Ахтанов атындағы облыстық қазақ драма театрындағы басқосуда қала әкімі соғыс және еңбек ардагерлерін, зейнеткерлерді шын жүректен құттықтай отырып,  біздің қаламыздың дамуына баға жетпес үлес қосқан қарттарға  шынайы алғысын білдірді.

Мерекелік жиынға қатысушыларға арнап үздік шығармашылық ұжымдары үлкен концерт ұйымдастырды

1 қазан күні біздің қала зейнеткерлері «КеруенСити» ойын-сауық кешенінің «Кинопарк» және «Локомотив» кинотеатрында «Ана сыйлаған қанат» фильмінің тегін сеансын, облыстық қазақ драма театрында және «Алақай» қуыршақ театрында спектакльдерді, сондай-ақ, «Геолог», Сазды, Қурайлы мәдениет үйлерінде мерекелік іс-шараларды көрді.

А.ШҰҒАЕВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*