Басты бет » Құқық » Еңбек заңдылықтарын ақысыз үйренеді

Еңбек заңдылықтарын ақысыз үйренеді

ҚР еңбек заңнамасының негіздерін әрбір жұмыскер білуі керек. Сонда олар еңбек қатынастары кезінде өз құқықтарын қорғай алатын болады. Бұл жалдамалы жұмыскердің өз  еңбегін дұрыс алуымен бірге, өндірістік жарақаттану жағдайларын болдырмауға да жәрдемдеседі. Жасыратыны жоқ, еңбекке қатысатындардың бәрі бірдей маңызды деп саналатын еңбек шартын жасасуды,  оны бұзуды, кепілдіктер мен өтемақы төлеуді, ұжымдық шарт жасасуды, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелерін, өздерінің құқықтары мен жұмыс берушінің негізгі міндеттерін біле бермейді. Ал мұның өзі жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында еңбек дауларын тудырып, сотқа дейін арыздануларына тура келіп жатады.

Осыған орай, облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бірқатар мекемелер мен ұйымдарда жұмысшы-қызметкерлерді ақы төлемінсіз оқытуды бастады. Тура жұмыс орнында өтетін бұл оқуларға 2 882 қызметкер тыңдаушы қатысуда.

Дәрістер өткізу барысында еңбек шарты, кепілдіктер және өтемақы төлемдері, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау деп аталатын екі бағыт бойынша слайд пен бейнетаспалар көрсетіледі. Оқыту барысында оған қатысушылар өздерін толғандыратын еңбек шартының мазмұны, оны тоқтатудың негіздері, қызметкерлердің құқықтық кепілдіктері, жұмысынан айрылған жағдайдағы берілетін өтемақы төлемдері, ұжымдық шарт жасасу және еңбек қауіпсіздігі жайларын біліп шығады.

 Қалижан ӨТЕМҰРАТОВ,

облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көш-қон

департаментінің бөлім басшысы.

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*