Басты бет » «Ақтөбе — құтты мекен» » Оқырмандармен бенефис-сұхбат жасады

Оқырмандармен бенефис-сұхбат жасады

Жұма күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Туған жер» республикалық форумы аясында белгілі жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлымен «Дара тұлға — тура жол» атты бенефис-сұхбат өтті.

Шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шарада сатирик-жазушы Төрежан Мәндібай, белгілі ақын, көсемсөз шебері, «Адырна» республикалық әдеби журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы сөз сөйлеп, жазушының шығармашылығы мен жеткен жетістіктеріне тоқталып, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Бұдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры, ақын Бауыржан Бабажанұлы жазушыны одақтың атынан құттықтады.

Жазушы бенефис-сұхбат барысында оқырмандар мен студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, мағыналы әңгімелер айтты.

Шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұханов қорытындылап, жазушының шығармашылығына табыс тілеп, басқарма атынан естелік сыйлық табыс етті.

Кеш соңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен жазушы

арасында 2018-2020 жылдарға арналған мәдениет және өнер саласындағы өзара ынтымақтастық пен шығармашылық байланыс жөнінде меморандумға қол қойылды.

Шара барысында «Шындықтан аттамайтын шын суреткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға фото шежіре-слайд ұсынылды.

 

Т.Бұрханұлы,

кітапхана қызметкері.

Ақтөбе қаласы.          

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*