Басты бет » «Ақтөбе — құтты мекен» » «Туған жер» республикалық форумына қатысушыларға!

«Туған жер» республикалық форумына қатысушыларға!

Қазақстан қастерлі Тәуелсіздігінің үшінші мүшелін зор рухани жаңғырумен бастады.

Менің бағдарламалық мақаламның аясында еліміздің барлық аймақтарында кең ауқымды жұмыстар қолға алынды.

«Рухани жаңғырудың» негізінде жүзеге асырылып жатқан айрықша маңызды жобалардың бірі — «Туған жер».

Әркімнің кіндік қаны тамған туған жері, қайда жүрсе де, жүрегінің төрінде.

Біздің әрқайсысымыз туған өлкемізді мақтан етеміз, алыс жүрсек сағынамыз, қамқорлық жасаймыз.

Туған жерге іңкәрлік Туған елге сүйіспеншілікпен ұласады.

Туған жерге қамқорлық Туған елге жанашырлықпен астасады.

Жалпыұлттық патриотизмнің өзегі іспетті «Туған жер»  бағдарламасы осындай ізгі ниеттер мен шараларды жүйелеп, ортақ игілікке айналдыруды көздейді.

Форумға еліміздің барлық өңірлерімен қатар, 20 мемлекетте тұрып жатқан ақтөбеліктердің арнайы келуі — біздің ұлттық бірегейлігімізді,  туған елге деген шынайы патриоттық сезімдерімізді айшықтай түседі.

Бүгін Ақтөбеден бастау алған игі шара еліміздің басқа өңірлерінде жалғасын табарына сенімдімін.

Сіздер шынайы патриотизм — Мәңгілік Елдің мызғымас тұғыры екенін бек түсініп, осынау патриоттық сезімді барша замандастарыңызға жеткізулеріңізді тілеймін!

Сүйікті Қазақстаным гүлдене берсін!

Мерейіміз асып, бірлігіміз таси берсін!

Мәңгілік Елдің көк байрағы әрқашан асқақ желбіресін!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*