Басты бет » Әдебиет » Ақтөбе қыры ақ дауыл

Ақтөбе қыры ақ дауыл

Ізтай Мәмбетов

Ақтөбе қыры ақ дауыл

 Ақтөбе қыры ақ дауыл,

Алай да түлей ұйтқиды.

Алыста күтіп жатты ауыл,

Астымда ақбоз ытқиды.

 

Келемін қарлы боранда

Алысып, ойнап, жарысып.

Қазыққа түстім, тоңам ба,

Қайнайды бойда қан ысып.

 

Құйын да қарды жентектеп

Сақылдап соғып тынбады.

Сағынып көрген тентекке

Сақылдап күлем мен-дағы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*