Негізгі / Жаңалықтар / Blog article: Қарттарға қайырымдылық көрсетті

Қарттарға қайырымдылық көрсетті

4 Наурыз 2010 | Пікір жоқ | Жаңалықтар

Өткен аптада Қарттар мен мүгедектер үйінде №5 мектептің «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы және  «Нұр Отан» кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын ассоциациясы мен заңды тұлғалар бірлестігі «Құрметті біздің қариялар!» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Жиында сөз алған «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Н. Людиновскова қарттарға жылы лебізін білдіріп, бұндай шараның алдағы уақытта жиі ұйымдастырылатынын айтты. Бұдан кейін мектеп мұғалімдері мен оқушылары ән шырқап, қариялардың  көңілін көтерді. Музыка пәнінің мұғалімі Г. Алпысбаева «Тойбастар» әнін айтса, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері А. Әбдиева мен Б. Құрманиязованың ана туралы өлеңі қарттардың көңілін босатты. Акция  аясында мұғалімдер мен  ата-аналардың демеушілігімен  30 мың теңге көлемінде қарияларға тәтті тағамдар мен түрлі сыйлықтар таратылды. Жалпы, алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шарасы жалғасын таба бермек.

Құралай ЩОРСҚЫЗЫ,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Пікір жазу 129 рет оқылған бұл мақала, ал бүгін болса, 2 рет оқылды |

Пікір жазу