Басты бет » Жаңалықтар » «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жаңғыртылады

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жаңғыртылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысында мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыстарыныңқорытындысы талқыланды.

Өңір басшысы облыстағы дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүрген жерлестеріміздің саны біршама қысқарғанын, алайда жекелеген аудандарда бұл бағыттағы жұмыстардың жеткілікті жүргізілмей отырғанын атап өтті. Әсіресе, жедел талдау, әлеуметтік төлқұжаттарды толтыру мәселесі бойынша сын айтылды.

Облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жолдас Қалмағамбетоваймақтағы діни ахуалдың тұрақты екенін мәлімдеді. Теологтар, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен мен БАҚ өкілдерінен құралған 205 адамнан тұратын 14 ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Аталмыш топтар жыл басынан бері 1626 кездесу өткізіп, 32 мыңнан аса адамға діни түсінік берген, сондай-ақ деструктивті ағымдардың жетегінде жүрген жандарға 4 семинар өткізген.

2017 жылдың сегіз айында өңірге республикалық деңгейдегі 33 теолог келіп, олардың алтауы осында жарты жыл бойы жұмыс жүргізді, дәстүрлі емес діни ағымдардың көшбасшыларымен кездесті.Осындай 545 жеке кездесу өтіп, нәтижесінде 309 адам дәстүрлі ислам дініне қайта бет бұрған. Бірнеше ауданда білікті теологтар жұмысқа тартылып, тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді.

Мұғалжар, Шалқар, Темір аудандарында құрамында теолог, заңгер, психологтары бар коммуналдық кәсіпорындар ашылды.

Облысымыз Елбасы тапсырмасымен құрылған «Уақып» қайырымдылық қорымен бірлескен жұмысты алғашқылардың бірі болып бастады. Еске салайық, қордың негізгі мақсаты –қайырымдылық қаражатын жинау, әлеуметтік жобаларды,білім беру-ағарту іс-шараларын қаржыландыру, сонымен қатар, дін қызметкерлері жұмысынның тиімділігін арттыру және діни мекемелердің қызметін қолдау болып табылады.

«Жақында қор қаржысы есебінен 20 адам жеке бизнесін ашуға пайызсыз несие алып, Ақтөбе медресе-колледжінің 8 студенті мен «Нұр-Мүбәрәк» университетінің ақтөбелік студенттеріне стипендия тағайындау бойынша келісім жасалды. Бұдан басқа аталмыш қор 20 имамның еңбекақысын төлеуге келісіп отыр», — деп хабардар етті Ж.Қалмағанбетов.

«Алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс. Бұл мәселелерге барынша назар аудара отырып, күнбе-күн айналысу керек. Айдың соңына дейін барлық әлеуметтік төлқұжаттарды қалпына келтіріп, жұмыспен қамту, қиындықтарды шешуге көмек көрсету, кәсіпкерлікке баулу шараларын іске асыру керек. жалпы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейткен жөн», — деп тапсырды облыс әкімі.

Сөз соңында облыс әкімі өңірде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы 8 бағыт бойынша жұмысын қайта бастайтынын жеткізді.

 

                                                                           Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*