Басты бет » Құқық » «Альтернативник» өтеді

«Альтернативник» өтеді

ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі  Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің қызметкерлері қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне кесілген  сотталғандардың арасында арнайы жұмыс жүргізеді. Қайта қылмыс жасау мен жазаны өтеуден бой тасалаудың алдын алу бағытында республикалық іс-шаралар ұйымдастырады.  Мәселен, сот органдарынан келіп түскен қаулы, үкім бойынша сотталған адам туралы барлық мәліметтер өкілдікке уақытылы жолданып, пробация қызметінің аға инспекторлары мен инспекторлар тиісті орындармен бірлесе отырып жұмыс істейді. Бүгінгі күнде елімізде кеңінен қолданылып жатқан жазаларды барынша ізгілендіру саясатының нәтижесінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға қатысты, аудандық ішкі істер бөлімі мен бірлесе түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы орайда қыркүйектің 11-15-і аралығында «Альтернативник» атты республикалық профилактикалық іс-шара өтеді. Шара аясында сотталған азаматтардың тәртібі және өзге де жұмыстар қадағаланады.

Гүлсезім ЕШМАҒАМБЕТОВА,

Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі аға инспекторы, 

әділет  капитаны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*