Басты бет » Ауыл » Картоп мол болады

Картоп мол болады

Хромтау ауданының 14 округіндегі шаруашылықтар биыл картоп егу ісімен айналысты. Халық арасында «екінші нан» аталған картоптың және көкөністің алқабы өңірде жылдан-жылға ұлғайып келеді. Аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің күшімен тек осы жылы 454 гектар алқапқа картоп егілген. Бұдан бөлек 204 гектар аумақта көкөніс  өсірілді.

Қазір шаруашылықтарда картоп пен көкөніс өнімдерін жинау жұмыстары басталды. Әрқайсысы 15 гектардан картоп еккен «Луч» шаруа қожалығы мен «Тұлпар» акционерлік қоғамы картоп жинау науқанына алғашқылардың қатарында кірісті. Сондай-ақ, бұл іспен дендеп айналысатын «Жоса» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде науқан ыждағатты жүріп жатыр. Серіктестік биыл 27 гектар алқапқа картоп салған еді. Картоптың шығымы тәуір, алғашқы жиналған танаптардан сапалы өнім алынуда,

Жалпы ауданда азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Басты мақсат — тұрғындарды жергілікті сапалы өніммен қамтамасыз ету. Ауданда жоғарыда айтқанымыздай, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егушілердің қатарының жыл санап артуының осындай сыры бар. Бұл өз кезегінде шаруалар арасында бәсекелестікті туындатып, өнім сапасын арттыруға жағдай жасап отыр.

Лаззат ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*