Басты бет » Денсаулық » Дәрігерлер жарысты

Дәрігерлер жарысты

«Ұлттық сараптама орталығы»  Ақтөбе облысы бойынша филиалында ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисі және  керме темірге тартылудан спартакиада  өтті. Шараның мақсаты — бұқаралық спортты дамыту.

Орталық қызметкерлері турнирге белсене қатысты. Жарысқа келген көрермен де қатысушы да ерекше көңіл-күйде болды. Әсіресе ата-аналарына жанкүйер болып келген балалар ерекше мәз болды.

— Елбасының «Рухани жаңғыру»  атты мақаласы  баршамыздың  санамызға сілкініс жасады. Рухани жаңғыру дегеніміз ең бірінші өзімізден басталуы тиіс. Оның ішінде дәрігерлер көпке үлгі болуы керек. Осы орайда ұжым болып спорттық ойындарды ұйымдастыруды жөн көрдік. Осы алғашқы шарада  ұжым қызметкерлерінің балаларын шақырдық. Мақсатымыз — балалар өздерінің әке-шешесі қатысқан спорттық жарысты көріп, жақын адамдарының жанкүйері болу, сол арқылы жеңіске ұмтылдырып, спортқа  деген қызығушылығын ояту, —деді мекеме басшысы, денсаулық сақтау ісінің үздігі Ш.Жандосов.

Спартакиада  тартысты өтті. Асқар Айбар, Серік Дербісалиев, Мейрамбай Елеуов, Мұрат Сейітмамбетов, Мұрат Дүйісов, Мұрат Тұрсынбеков секілді орталық мамандары алдыңғы орныннан көрінді. Соңында  жеңімпаздар марапатталып, балаларға сыйлық үлестірілді.

К.ҚОПАЕВА.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*