Басты бет » Әлеумет » 18 тұтынушыға көрсетілген қызмет

18 тұтынушыға көрсетілген қызмет

Елімізде халықты әлеуметтік қорғауға ерекше мән беріледі. Бұл бағытта арнайы жүйе бар, сол жүйе негізінде жоспарлы жұмыстар жүрзіледі. Қарғалы ауданы тұрғындарына көрсетілген қызметтер — осының айқын дәлелі. 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қызметкерлері Қарғалы ауданында болып, ондағы жергілікті мамандардың қатысуымен жоспарлы көшпелі отырыс өткізді. Аудандық орталық аурухана базасында өткізілген отырыс кезінде 18 тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сол сияқты, дәрігерлердің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды. Басқосу барысында биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша аудандағы алғашқы мүгедектікке шығу және мүгедектерді оңалту көрсеткіштері мәселесі талқыланды.

Сол сияқты, кездесу кезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының мәні мен маңызы айтылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының жалпы ережелері талқыланды. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, қалыптастыру, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудің маңыздылығы, медициналық құжаттарды толтыру барысы туралы жан-жақты әңгіме өрбіді.

Мамандар ауданға жасаған сапары кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, бүгінде бұл құжаттың күшіне енгіндігі туралы хабардар етті.

Р.НЕТАЛИНА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті

Ақтөбе облысы бойынша департаменті

№3 медициналық-әлеуметтік сараптама

бөлімінің басшысы. 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*