Басты бет » Әлеумет » Нұротандықтар 4 мыңға жуық балаға көмек көрсетті

Нұротандықтар 4 мыңға жуық балаға көмек көрсетті

Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қуаныш сыйлап, көмек көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалдары «Мектепке жол»  акциясына ат салысты.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен түлектерін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына көмек көрсету мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы жоба аясында «Балаларды мектепке дайындайық» және «Мектепке жол» акциясы қолға алынған. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік себептермен мектепке барудан қалып қоймауын қамтамасыз ету мақсатында партия филиалдарында 338 іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде партия қызметкерлері, бастауыш партия ұйымы мүшелері, нұротандық депутаттар 4 мыңға жуық оқушыға көмек көрсетті.

Олардың ішінде «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі бастауыш партия ұйымын атап өтуге болады. Бастауыш партия ұйымы 1,5 миллион теңге қаражатқа 75 оқушыға оқу құралдары мен киім-кешек алып берді.

— Төрт балам бар. Балаларымның екеуі мүгедек. Осыған дейін де партиядан бірнеше рет көмек алған едім. Екінші балам қазіргі таңда Қырғызстанда ем алуға аттанды. Жол жүру және емдік көмек алуына нұротандықтар қаржылай қолдау көрсетті. Балаларымның жағдайына байланысты  өзім жұмыс жасамаймын. Биыл да үш баламның киім-кешегі мен оқу құралдарын алып берген нұротандықтарға ризамын, — дейді көпбалалы ана Бақыт Қонарбаева.

А.ШҰҒАЕВ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*