Басты бет » Ресми » «Ұлы Жібек жолында: жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» 150 жылдық мерейтойының бағдарламасы

«Ұлы Жібек жолында: жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» 150 жылдық мерейтойының бағдарламасы

Өтетін жері: Ойыл ауданы, Ойыл селосы

8 қыркүйек

Аудандардан келген киіз үйлердің орналасуы, алтыбақандар құрылып, сауда қатарларына қажетті құрал-жабдықтардың әкелінуі.

11.00 — «Қазақстан сауда тарихында Көкжар жәрмеңкесінің алатын орны, саяси-жағырапиялық және стратегиялық маңызы». Өңірлік ғылыми-практикалық конференция (Аудандық мәдениет үйі)

13.00 — Түскі ас

16.00 — Жазушы Т.Құлиястың  «Мұхит» қойылымы (Аудандық мәдениет үйі)

18.00  — Дәстүрлі әндер орындаушыларының «Жан серігім — домбыра» өңірлік  жыршы-жыраулар байқауы (Ойыл аграрлық колледжінің жәрмеңке алаңы)

21.00 — Кешкі ас (қонақ асы)

22.00  — «Алтыбақан жанында», «Ақсүйек»  ойын-сауық бағдарламалары (Этноауыл алаңы)

9 қыркүйек

9.00 — Жәрмеңкедегі сауда қатарларының жұмысы:

— Қолөнер шеберлерінің көрмесі;

— Асыл тұқымды малдардың көрмесі.

10.00 — «Ұлы Жібек жолында: жаңғырған Көкжар жәрмеңкесі» 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара

«Көкжардың жәрмеңкесі жаздай сайран» театрландырылған қойылымы;

«Жан серігім — домбыра» өңірлік жыршы-жыраулар байқауының қорытынды кезеңі, марапаттау рәсімі.

12.00 — Ұлттық спорттық ойындар (Бәйге алаңы)

— аламан бәйге;

— тоқ бәйге;

— аударыспақ;

— теңге ілу;

— қазақ күресі;

— гір көтеру.

13.00 — Этноауылда мерекелік дастарқан (түскі ас)

15.00 — Мерейтойдың аяқталуы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*