Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Астанада халықаралық дәрежеде ақындар айтысы өтеді

Астанада халықаралық дәрежеде ақындар айтысы өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай, елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында 13 қыркүйек күні сағат 15:00-де «Рух жаңғырығы» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. Жыр додасына елімізге танымал әрі шетелден келген 16 ақын қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Халықаралық дәрежедегі айтысты ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қолдау көрсетуімен халықаралық «Жас-Ай» медициналық орталығы ұйымдастырады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Алмановтың хабарлауынша, ақындар айтысы екі кезең бойынша өтеді. Алғашқы іріктеу кезеңінде құрамы 7 мүшеден тұратын қазылар алқасы ақындардың айтыстағы сөз саптауына, ойының ұшқырлығына, ұтымды сөз таба алатынына қарай отырып, 8 айтыскерді анықтайды. Екінші кезеңде осы 8 ақын бас жүлдені сарапқа салады.
Сөз додасына Астана мен Алматы қаласынан, Алматы, Жамбыл, БҚО, ШҚО және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ, ҚХР, Ресей федерациясынан келген ақындар қатысады.
Ақындардың жасына шектеу қойылмайды. Әрбір жұпқа 15-20 минутқа дейін уақыт бөлінеді. Бас жүлдеге шетел автокөлігі тігіліп отыр. Жүлделі орындармен бірге төрт ақынға ынталандыру сыйлығы беріліп, бір ақынға «Академик Жасан Зекейұлы атындағы арнайы жүлде» тапсырылады.

inform.kz

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*