Басты бет » Білім » Ойылда екі білім ордасы пайдалануға берілді

Ойылда екі білім ордасы пайдалануға берілді

Биылғы оқу жылының басты жаңалығы — Ойыл ауданында екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қиыл өзенінің бойындағы Ақкемер ауылындағы Жамбыл мектеп-балабақшасы мен Шұбарши ауылындағы Жақсыбайкөл негізгі мектебі оқушылары осындай қуанышқа бөленді.

Ол ауылдардағы білім ордалары апат алдындағы ғимарат саналып келген еді.

Осыдан екі жылға жуық бұрын облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Ойыл ауданына сапарын осы екі мектептің жай-күйімен танысудан бастаған-ды. Сол кезде тұрғындармен кездескен облыс әкімі мейлінше қысқа мерзімде жаңа мектептердің салынатынын айтқан болатын.

Бір жылға жетпейтін уақытта бой көтеріп, ауылдың сәулетті ғимаратына айналған мектептердің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин мен аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты.

Н.ДҮБІРОВ,

Ойыл ауданы.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*