Басты бет » Басты жаңалықтар » Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Құрметті ақтөбеліктер!

Бүгін күллі әлемнің мұсылман жұрты мәңгілік адами асыл құндылықтарымыз — бейбітшілік пен бірлікті, ізгілік пен мейірімділікті ілгері ұстанатын қасиетті Құрбан айт мейрамын атап өтуде.

Біздің елімізде Құрбан айтты мерекелеу барлық қазақстандықтардың рухани өміріндегі жаңару, қоғамның топтасуы мен мәдени-адамгершілік ұстанымдардың бір арнада тоғысуы аясында атап өтіледі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана әрі сарабдал саясаты нәтижесінде Қазақстан Тәуелсіздік жылдары ішінде экономика саласында, әлеуметтік және мәдени өмірде елеулі ілгерілеулерге қол жеткізді, ал көптеген ұлттар мен ұлыстар өзара түсіністікте, бауырластық пен құрмет сезіміне бөленіп ғұмыр кешуде.

Сіздерді қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Барлығыңызға жақсы денсаулық, бақыт және игіліктер тілеймін!

 Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*