Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Су тасқынынан зардап шеккен қызға үш бөлмелі пәтер сыйлаған кәсіпкер тағы да қайырымдылық жасады

Су тасқынынан зардап шеккен қызға үш бөлмелі пәтер сыйлаған кәсіпкер тағы да қайырымдылық жасады

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген неміс сәулетшісіне қарыз болған алматылық зообақтың қарызын өтеп берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жалпы қарыз мөлшері 100 мың еуро, Құдайберген оны толығымен жаппақшы.
“Мен бірінші траншпен 68 мың еуро салдым, екінші транш мөлшері 38 мың еуро болады. Жалпы Питер Разбахтың алдындағы қарыз мөлшері 100 мың еуро”, – деді кәсіпкер тілші.
Енді зообақ Разбахпен жұмысты жалғастырады. Ол мастер-план жасауы керек болған, алайда зообақ архитектордың қызметін төлеуге шамасы болмаған.
Сонымен қатар, Қайрат Құдайберген қызымен зообақтағы арландарды өз қамқорлықтарына алды.
Айта кетейік, дәл осы кәсіпкер Құдайберген Ақтөбеде су тасқыны салдарынан зардап шеккен оқушы қыздың жолдауынан кейін, оған үш бөлмелі пәтер алып берген.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*