Басты бет » Ауыл » Жаңа жүйе түсіндірілді

Жаңа жүйе түсіндірілді

Хромтау ауданының Ақжар ауылы тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кеңінен түсіндірілді.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Т.Есенбаева мен  аудандық орталық аурухана дәрігері Ж.Әбдікәрімованың қатысуымен болған кездесу кезінде ауыл тұрғындарына медицина саласына енгізіліп жатқан жаңа жүйе жан-жақты түсіндіріліп, дәрігерлік қызмет көрсетудегі жаңашылдықтар айтылды.

Таза ауызсу келеді

Қазір Ырғыз ауданындағы 19 елді мекеннің 9-ы, яғни аудан тұрғындарының 76,4 пайызы орталықтандырылған ауызсу желісін пайдаланады.

Биыл Ақши ауылындағы сумен қамту желілерін қайта жарақтандыру жұмыстарын «Сак Групп» ЖШС жүргізуде. Ал Белшер ауылындағы сумен қамту желілері құрылысына «НұрСтройОйл» серіктестігі жауапты. Нұра, Мамыр ауылдарының тораптық ауызсу құбыры құрылысына және Белшер ауылының дербес ауызсу құбыры құрылысына  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті арқылы мемлекеттік сатып алуға  ашық конкурс жарияланып, «Стройкомплект 2030» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары басталды. Аталған серіктестіктің Нұра ауылындағы өкілі Б.Наурызбаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін 7 шақырымдық жер қазылған. Ауылға ауызсу тау аймағындағы Қамысты алқабынан тартылады.

Тұрмыстық қалдықтар тазартылды

 Қарғалы ауданының Қосестек ауылында жастардың қатысуымен сенбілік өтті. Ауыл жастары су тоғандары мен өзендердің жағасын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, айналаны көркейтуге үлес қосты.

Жағажайдағы жарыс

Жағажай волейболынан «Жаз. Таза ауа. Жағажай: мен және спорт» атты жарыс Әйтеке би ауданында өткізілді.

Жарысты аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды. «Жастар» жағажайында өткен шараға аудан орталығы мен ауылдық округтерден барлығы 12 команда қатысты. Ойын нәтижесінде ерлер командасы арасында Комсомол орта мектебінің ұжымы бірінші орынды иеленсе, қыздар арасындағы тартысты ойында Әйке ауылдық округінен келген команда бірінші орынға лайық болды.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*