Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Оралда жолаушылар тасымалдайтын екі автобус соқтығысты

Оралда жолаушылар тасымалдайтын екі автобус соқтығысты

Бүгін Орал қаласында сағат шамамен 08.45-те жолаушылар тасымалдайтын екі автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды оқиға орнынан «ҚазАқпарат» тілшісі.
Шаған өзенінен өтетін көпірге жақын жерде, Зачаган кенті жақтан келе жатқан №7 және №5 бағыттарда жүретін қос автобус түйісті.

Адамдар жұмысқа баратын қарбалас уақыт болғандықтан, автобустың іші лық толы еді. Зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметінің екі бірдей бригадасы келді. №7 автобус жүргізушісі қатты жарақат алған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

inform.kz

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*