Басты бет » Жаңалықтар » Жүйелі жұмыс және жауапкершілік

Жүйелі жұмыс және жауапкершілік

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеу жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы Ақтөбе қаласының жер қатынастар бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев есеп берді.

Ол бөлімнің жұмысында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы ғимараттар құрылысы үшін жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуде ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуі туралы баяндады. Жүргізілген жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілердегі бөлімнің парақшаларында кеңінен жарияланады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарында көзделген заңсыз іс-қимыл үшін жауапкершілік туралы қызметкерлерге апта сайын аппараттық жиналыстар өткізіліп, мемлекеттік мекеме ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде уәкілетті органның call-center нөмірі көрсетілген ақпарат орналастырылды, электрондық кезек енгізіліп, бейнебақылау камералары қойылды.

Отырыста Ақтөбе қаласының әділет басқармасы қызметінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Ақтөбе қаласы әділет басқармасының басшысы Айжан Шаленова баяндама жасады.

Оның айтуынша, биылғы жылдың І тоқсанында барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетілген мерзімдерде ұсынылған, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сақталмауы анықталмаған. Басқармада сыбайлас жемқорлық туралы басқарма қызметкерлері арасында апта сайын аппараттық түсіндіру жиындары өткізіледі. 2017 жылдың І тоқсанында басқарма қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық анықталған жоқ. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында басқарманың негізгі бағыттары бойынша тұрақты  түрде заңнаманың талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Ақтөбе қаласының әділет басқармасының жұмысын талқылау барысында азаматтардың арызын қарау, оларға бақылау жүргізу, дерекқорға қол жеткізуде бақылаулар орнату, сонымен бірге деректердің дұрыстығы мен оларды өзекті қылуды қамтамасыз ету жөнінде сұрақтар қойылып, Ақтөбе қаласының мемлекеттік кірістер басқармасымен өзара жұмыс жүргізу тапсырылды.

Ақтөбе қаласының ІІБ жеке құрамы мен бөлімшелері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Асланбек Омаров баяндады.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті бекіткен жоспар жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың, қылмыстардың орын алуына және қызметтік этиканың, заңдылықтардың бұзылуына жол бермеу мақсатында ішкі істер органдарында жүргізілген жұмыстар, қоғамдық жаңғырық туғызатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық, қылмыстар туралы және ол үшін Заңмен көзделген жауапкершілік туралы басқарманың жеке құрамына жеткізіледі.

Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасы және оның жеке құрамының, бөлімшелердің қызметкерлерінің  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. Атап айтсақ, қала әкімі орынбасарларына, мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бөлімдер мен басқа да ұйымдарда ҚР заңнамасымен көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Комиссия отырысында мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу, оларды болашақта болдырмау үшін шаралар қабылдау  қажеттілігі айтылды.

Гүлзат ЖҰМАҒАЛИЕВА,

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*