Басты бет » Жаңалықтар » Кооперативтер көлік алды, өнімді ұлғайтты

Кооперативтер көлік алды, өнімді ұлғайтты

Аграрлық сектор

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партияның сайлауалды бағдарламасының «Аграрлық сектор» бағыты бойынша өңірлік комиссия отырысы өтті.

Жиынды комиссия жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Марат Итеғұлов ашты. Бұдан кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Асылхан Әбтиев баяндама жасады. Ол өз сөзінде:

Статистикалық есеп бойынша, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына ауылшаруашылық мақсаттағы жылжымайтын мүліктердің құрылысы, техника мен жабдықтар алу, асыл тұқымды мал сатып алу енеді. Ағымдағы жылы жалпы құны 43 миллиард теңгені құрайтын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 36 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Бүгінгі күні басқарма тарапынан 6 ірі инвестициялық жобаны іске қосу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша тамақ өнімдерін өндіруде негізгі капиталға 811,0 миллион теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 117,0 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту және сүт қабылдау, мал сою бекеттерін құру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау есебінен бұл көрсеткіш жыл аяғына дейін толық орындалады, — деді.

Сондай-ақ Асылхан Әбтиевтің айтуынша,  биылғы жылғы ауыл шаруашылығы егістігі алқабын өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға арттыру жоспары бекітілді. Жоспарланған істі орындауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі мен аудан әкімдіктері арасында меморандум жасалды.

2017 жылдың  6 айында өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру — 5,9, сүт өндіру – 2,6, жұмыртқа өндіру — 8,0 пайызға көбейген.

Былтыр «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кооперативтерге 13 «УАЗ» маркалы сүт таситын автокөлік, 13 «Газель» маркалы рефрижератор автокөліктері, сонымен бірге 2 сүт қабылдайтын пункт және 4 сүт таситын тіркеме сатып алынған. Нәтижесінде, кооперативтер бүгінгі күнге дейін 452,5 тонна ет, 1167 тонна сүт, 134 тонна басқа да өнімдер өндіріп отыр. Кешенді шараларды жүзеге асыру жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*