Басты бет » Жаңалықтар » Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды

Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Sinopec Group» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің президенті У Минлиньмен кездесті.

Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен әрекет етуші өндіріс орындарын кеңейту мәселелері талқыланды.

Облыс басшысы жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың жергілікті құрамдағы үлесін арттыру, жұмыс орындарын сақтап қалу,  қызметкерлердің еңбекақы деңгейін өсіру мәселелеріне баса назар аударды.

Өз кезегінде У Минлинь өзара тиімді серіктестікке, соның ішінде «Нұрлы жер» және «Бір белдеу — бір жол»  бағдарламаларын жүзеге асыру аясындағы өзара тиімді серіктестікке әзір екендігін білдірді.

«Мемлекет басшысы экономика өсімін  кем дегенде 4% қамтамасыз етуді тапсырды. Біз бұл көрсеткішке бірінші жартыжылдықтың ішінде қол жеткіздік және жыл қорытындысы бойынша экономика өсімін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан мұнай өңдеу компаниялары өнім көлемін төмендетпеулері қажет. Сондай-ақ, шетелдік инвестиция көлемі де азаймауы тиіс», — деді Б.Сапарбаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*