Басты бет » Жаңалықтар » Қоғамдық тәртіп қадағалауда

Қоғамдық тәртіп қадағалауда

№8 Пацаев сайлау округінің депутаты Дмитрий Довматенконың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Басқосуға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалар мен департаменттердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында қоғамдық тәртіп мәселесі сөз болды. Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев үстіміздегі жылдың I жартыжылдығы бойынша баяндама жасады.

—  Зерттеу нәтижесінде,  қылмыстардың саны қоғамдық орындарда 16 пайызға дейін, қала көшелерінде 14 пайызға дейін азайған. Бүгінгі күні облыс бойынша 567 көңіл көтеру орталықтары тіркелген. Оларда соңғы алты айда 200-ден астам қылмыс жасалды. Орталықтар 48,3 пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Қылмыстың алдын алудың маңызды аспектілерінің бірі — жергілікті атқарушы органдардың және қоғамдық көмекшілердің қолдауы. Осы мақсатта, тамыз айының соңына дейін ерікті негізде қоғамдық көмекшілердің санын ұлғайту жоспарланып отыр, — деді Қаныбек Жақсығалиев. Ақтөбе қаласында көлік тұрақтары аз. Ал автокөліктердің саны жыл сайын көбеюде. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында 125 мың автокөлік құралы тіркелген және соңғы үш жылда 5 мыңнан астам автокөлік сатылған.

Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*