Басты бет » Жаңалықтар » Мәселелер кеңінен талқыланды

Мәселелер кеңінен талқыланды

Депутат Аркадий Нидің төрағалығымен  өткен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды.

Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, бірқатар облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Тұрақты комиссия мүшелері алдында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұлов баяндама жасады. Баяндамашы негізінен әлеуметтік салаларды дамытуға бөлінген қаржылар ауқымына тоқталып, олардың жұмсалу бағыттарына қатысты түсінік берді. Білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік-жеке әріптестік салаларына қатысты мәселеде депутаттар Асқар Садықов, Асхат Айтжанов өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

Жолаушылар тасымалына қатысты бөлінген қаржы төңірегінде депутат Марат Итеғұлов баяндамашыдан нақты есептеулермен таныстыруды сұрады. Сондай-ақ депутат Нұрлан Сағыналин Хромтау ауданындағы көлдетіп суаруға қатысты мән-жайды нақтылады.

Депутаттардың ұсыныстары мен ескертулері мәселелерді алдағы сессияда қарау барысында ескерілетін болды.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*