Басты бет » Мәдениет » Төлеміс Меңдіғали — әдеби бәйге жеңімпазы

Төлеміс Меңдіғали — әдеби бәйге жеңімпазы

Өткен жылы «Рахымжан Отарбаевтың мәдениет қоры» әңгіме жанрына бәйге жариялаған еді. Қордың хабарлауынша бұл бәйгеге республика бойынша 197 автордың туындылары түскен.

Қазылар алқасы жүзден жүйрік 13 жеңімпазды анықтады. Солардың қатарында облыстық «Ақтөбе» газеті өнеркәсіп бөлімінің бұрынғы меңгерушісі, ардагер журналист Төлеміс Меңдіғали «Қанден жетектеген» атты әңгімесі үшін ақшалай сыйлықты иеленді.

Бұған дейін әңгімелері республикалық әдеби басылымдарда, бірнеше жинақтарда жарық көрген Төлеміс Меңдіғалидің «Өткел» атты кітабы 2015 жылы баспадан шыққан болатын.

Біз қаламгер ағаны лайықты жүлдесімен құттықтап, алда да шығармашылық табыстар тілейміз!

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*