Басты бет » Жаңалықтар » «Қауіпсіз тағамды таңда!» акциясы

«Қауіпсіз тағамды таңда!» акциясы

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалымен және оның аудандық бөлімшелерімен бірлесіп халық арасында тағамды таңдауды қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 11 тамызында  Шалқар ауданындағы «Сартай» сауда орталығында, 12 тамызда Қандыағаш қаласындағы «Жәрмеңке» базарында және Алға қаласындағы «Ансара» сауда үйінде «Қауіпсіз тағам таңда!» акциясын өткізеді.

Шара барысында Ұлттық сараптама орталығы тұрғындар сатып алған тағам өнімдерінің сапасын анықтауға жедел сараптауды ақысыз түрде өткізеді. Онда сүт өнімдерінің сапасы, ет және балық өнімдерінің термиялық өңдеуінің деңгейі, балдың табиғилығы, бақша өнімдерінің құрамындағы нитрат, ет, шұжық және ысталған балықты микробиологиялық ластану мөлшері,  сары май, маргарин, өсімдік майларының сапасы және т.б. анықталады.

Сонымен қатар департамент және оның аумақтық басқармалары мамандары қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау, тағамнан улану және жұқпалы жедел ішек ауруларының алдын алу туралы түсіндірме ақпарат беріп, парақшалар таратты.

 «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*